Автор: Павлодар облысынның Денсаулық сақтау басқармасы
ПСИХОЛОГ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЕРЕЖЕСІ
17-11-2014 07:09

1. Жалпы ереже

1.1. Денсаулық сақтау мекемесінде жұмыс істейтін  арнайы емдік - профилактикалық көмек көрсететін  практикалық психолог  -  жоғары психологиялық білімі бар  немесе практикалық психология факультеттерінің және кадрларды қайта даярлау курстарынан  өткен медициналық білімі бар  маман.

1.2. Өз жұмысында Қазақстан Республикасының азаматтардың денсаулығын  қорғау заңнамасын   және басқа да денсаулық сақтау нормативтік-құқықтық актілерін, осы Ереже  бойынша принциптерді басшылыққа алады.

 

1.3. Қызмет контингенті : дәрігер нұсқаулығымен психодиагностикалық  зерттеулер мен психологиялық кеңесті   қажет  ететін туберкулезден емделіп жатқан жұқпалы ауру бөлімі  пациенттері

 

1.4. Мекеменің басшысы немесе оның емдеу жұмыстары бойынша орынбасарына бағынады.

1.5. Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес тағайындалады және жұмыстан босатылады.

2. Функциялары мен қызметі

2.1.  Емдеуші  дәрігер  бекіткен жеке бағдарламаға  орай пациенгттерді  қабылдайды .  Әр пациентке   жеке-дара психодиагностикалық, психокоррекциялық, оңалту және психопрофилактикалық қызметті жүзеге асырады , сонымен қатар  емдеу-диагностикалау кезеңінде психотерапиялық және психологиялық көмек бойынша іс-шаралар өткізуге қатысады. Қажет болған жағдайда  емдеуші дәрігердің және психикалық , психологиялық ( психотерапия ) жұмыс жөніндегі кеңесші көмегіне жүгінуге болады.

2.2.  Емдеуші дәрігермен бірге жүргізілген  психологиялық , оңалту , емдеу- алдын алу шараларының тиімділігін бағалайды.

2.3. Бекітілген медициналық құжаттардың үлгісі рәсімдеуге  қатысады.

2.4.  Мемлекеттік лицензиясы  және мемлекеттік аккредиттеу рұқсаты бар білім беру орындарында тиісті циклдары бойынша    белгілі   тәртіппен біліктілігін арттырады   .

 2.5. Қазіргі заманғы   практикалық психология    әдістерін тәжірибеге енгізеді.

 

3. Құқықтары мен мiндеттерi

3.1. Психотерапиялық көмек, клиникалық жағдайларғаталдаулар өткізетін мамандар бригадасы жұмысына , кездесулерге, семинарларға, ғылыми-тәжірибелік конференцияларғақатысады .

 

3.2. Міндетті базалық және  қосымша  кәсіби көмекпен қатар басқа да ұлттық және халықаралық кәсіби ұйымдардың аясында   қоғамдық аккредиттациялау  және  кәсіби мәртебесін  алуға болады .

 

 3.3. Түрлі қоғамдық және кәсіби ұйымдарға кіреді.

3.4. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес   пациенттер мен олардың отбасыларына қатысты өз қорытындылары , қызметі және оның  салдары үшін әкімшілік және құқықтық жауапкершілік алады .

 

Білуге міндетті:

- Азаматтар құқығы мен бостандығы декларациясын;

- Азаматтардың денсаулығын сақтау бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасын;

- Қазақстан РеспубликасыЕңбек Заңы   туралы Кодексін ;

- жалпы кәсіби даярлықтың   теориялық негіздерін : жалпы психология, даму психологиясын, психологиялық- диагностика, медициналық психология негіздерін, тұлғалық психология , әлеуметтік психология, кеңес беру және терапия негіздерін, белсенді оқыту әдістерін , әлеуметтік-психологиялық оқыту әдістерін және т.б.

- Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасын, еңбек психологиясын.

 

Істеуге қабілетті:

- психологиялық құжаттар есебін құруға және жүргізуге;

- емдеу-профилактикалық мекеменің   психологиялық іс-шаралар жоспарын құруға;   

-науқастың психологиялық жай-күйін сипаттайтын көрсеткіштерді бағалауды жүргізуге;

- жеке тұлғаның әлеуметтік дезадаптация дәрежесінің жұмыс істеуі,психикалық функцияларының бұзушылық  деңгейі  , құрылымы мен динамикасын жылдам бағалау және талдау жүргізуге;    

- денсаулық жағдайын анықтайтын психологиялық факторға психологиялық бағалау жүргізуге ;

- проводить психологиялық сұхбат жүргізуге, психологиялық байланыс орнатып және басқаруға,  пациенттердің  түрлі тәуелділіктерін зерттеуге;

- кәсіби міндеттерді орындау үшін  ақпаратты жинау және оны жүйелеуге;

- кәсіби психологиялық және медициналық тілді, кәсіби терминологияны  меңгерген;

- психологиялық құжаттарды рәсімдеуге;

- салауатты өмір салтын , психикалық саулығы үшін профилактикалық  іс-шаралардың     маңыздылығын насихаттау.